Йемен Армиясының ақпарат өкілі саудиялық коалицияға әл-Ходейда қаласына кіруге ешқашан рұқсат бермейтіндіктерін мәлімдеді
Йемен Армиясы мен халықтық комитеттерінің ақпарат өкілі саудиялық коалицияның батыс жағалау майданындағы адами және қару-жарақ шығындарының Қарсыласу қозғалысы күштерінің дұшпанды жүдетуші соғысқа ұшыратқанын көрсетіп отырғанын мәлімдеді.
Йемен Армиясы мен халықтық комитеттерінің ақпарат өкілі Шараф Лұқман жұма күні Euronews ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бұл ел күштерінің басқыншыларға әл-Ходейда қаласына кіруге ешқашан рұқсат бермейтіндігіне тоқталып: "Саудиялық коалиция мүшелері мен оның жалдамалыларының бұл қалада орналасуы ақылға қонбайтын іс, әл-Ходейдаға кіруі олардың өлімімен тең",- деді.
Йемен Армиясы мен халықтық комитеттерінің ақпарат өкілі америкалық, франциялық және ұлыбританиялық одақтастардың саудиялық коалицияны құтқару үшін шешім жолын табу талпынысына тоқталып: "Йеменнің қарсыласу қозғалысының күштері шетелдік күштердің жағалаудағы майдан шайқасына белсенді қатысуына қарамастан өздерін осы шабуылдардан қорғай алды",- деді.
Шараф Лұқман саудиялық коалицияның соңғы алты күннің ішінде әл-Ходейдаға қарсы жасаған ең ірі шабуылдарының сәтсіздікке ұшырағанына тоқталып: "Сауд Арабиясы мен БАӘ қоғамдық пікірді бұрмалап, осы сәтсіздіктердің орнын толтыру үшін кез келген сылтаумен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар қабылдатуды көздеп отыр",- деді.