Израиль Парламенті бекіткен заң сионистік режимнің нәсілшілдігін заңдастырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38329-Израиль_Парламенті_бекіткен_заң_сионистік_режимнің_нәсілшілдігін_заңдастырды
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) ақпарат өкілі: "Сионистік режимнің парламенті Кнессетте "Яхуд елі" атты заңның қабылдануы сионистік режимнің нәсілшілдігін заңдастырды",- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 20, 2018 19:27 Asia/Almaty
  • Израиль Парламенті бекіткен заң сионистік режимнің нәсілшілдігін заңдастырды

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) ақпарат өкілі: "Сионистік режимнің парламенті Кнессетте "Яхуд елі" атты заңның қабылдануы сионистік режимнің нәсілшілдігін заңдастырды",- деді.

Палестинаның ақпарат тарату торабының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ХАМАС-тың ақпарат өкілі Фаузи Бархум: "Яхуд елі" заңы палестиналықтардың болмысы мен олардың өз жерлеріне қайта оралу туралы тарихи құқығын қатерге ұшыратып, палестиналық жерлерді ашық түрде қоршауға алып, тәркілеуге себеп болады",- деп мәлімдеді.

Бархум егер аймақ елдері үнсіздік танытып, АҚШ сионистік режимнің Палестина халқына қарсы қылмыстарын қолдамағанда мұндай заңның ешқашан қабылданбайтындығын айтып: "Бұл заң  толығымен жалған. Палестина халқы әлі де осы жерлердің шынайы иесі және болашақта да иесі болып қалады",- деді.

Палестинаны азат ету ұйымы атқарушы комитетінің бас хатшысы Сайеб Ариқат: "Бұл заң – нәсілдік тазалауға негізделген отаршылдық мұрасының жалғасы. Соған сәйкес аталмыш тарихи жердің негізі тұрғындарының құқықтары қасақана түрде назарға алынбаған",- деді.

Сионистік режим кеше бейсенбі күні басып алынған Палестина жерінің барлығын тек сионистерге тиесілі жер ретінде мойындап, палестиналықтарды барлық азаматтық және адами құқықтарынан мақұрым еткен "Яхуд елі" атты заң жобасын 62 оң , 55 теріс және 2 қалыс дауыспен бекітті.