Түркия Ираннан мұнай импортын жалғастырады
Түркияның Tüpraş мұнай компаниясына жақын ақпарат көздері АҚШ "Ортақ қадамнан" бір жақты түрде шығып, Теһранға қарсы санкциялар жариялағаннан кейін де бұл компанияның Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыратынын хабарлады.
Түркияның Tüpraş мұнай компаниясына жақын бір ақпарат көзі жұма күні Reuters ақпарат агенттігіне бұл компанияның тіпті Вашингтонның Теһранға қарсы санкция салуынан кейін де Ираннан мұнай сатып алуды доғаруды көздемейтінін хабарлады.
Tüpraş мұнай компаниясы ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында орташа есеппен Ираннан 187 196 баррель мұнай сатып алған.
АҚШ-тың Иранға қарсы санцияларын сынға алғандардың қатарындағы Түркия үкіметі Анкараның Теһранмен сауда қатынастарын басқа мемлекеттердің мүддесіне орай тоқтатпайтынын мәлімдеді.
АҚШ үкіметі мамырдың сегізі күні "Ортақ қадам" келісімінен шығып, 2018 жылы қарашаның төрті күні Иранның мұнай экспортын нөлдік көрсеткішке жеткізетінін мәлімдеген болатын.
Әлемнің көптеген елдері АҚШ-тың бұл қалауын орындамайтынын мәлімдеді.