Саударабиялық құрантанушы қамауға алынды
(last modified Sun, 22 Jul 2018 10:39:05 GMT )
Шіл 22, 2018 16:39 Asia/Almaty
  • Саударабиялық құрантанушы қамауға алынды

Сауд Арабиясының қауіпсіздік күштері үлемдер мен адам құқығын қорғаушы белсенділерді қамауға алудың жалғасында эр-Риядтағы Малек Сауд университетінің ұстазы, құрантанушы Масаед әт-Тайярды қамауға алды.

Сауд әулеті режимінің қауіпсіздік күштері Құран ғылымы саласында бірнеше кітап пен мақаланың авторы болып табылатын университет ұстазын үйінде қамауға алып, кейбір заттарын тәркілеп, өздерімен бірге алып кеткен.

Сауд Арабиясының әлеуметтік белсенділері бұдан бұрын саудиялық насихатшы шейх Әли бен Саид әл-Ғамеди мен оның бауыры және адам құқығын қорғаушы бірнеше белсендінің  қамалғанын хабарлаған болатын. Сауд режимінің әскерилері өткен аптада да шейх Сафар әл-Хавалиді осы режимнің саясаттарын сынағаны үшін қамауға алды.

Сауд Арабиясында жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша, 30 мыңнан астам саяси белсенді, оппозиционер және адам құқығын қорғаушы белсенділер қамауда жатыр.