Рияд "Хусилер ирандық зымырандармен Сауд Арабиясын нысанаға алуда" деген уәж айтты
БҰҰ-дағы Сауд Арабиясының тұрақты өкілі Абдолла әл-Муаллеми Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс, әсіресе Газа мен Голан жоталары жағдайын талқыға салып: "Хусилер Иранда жасалған зымырандармен Сауд Арабиясын нысанаға алып, бейбітшілік пен ұлттық татуластық орнату саласындағы талпыныстарды нәтижеге жеткізбей отыр",- деді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, әл-Муаллеми Йемендегі саудиялық коалицияның қылмыстарына назар аудармастан йемендіктердің құтқарылуын хусилердің (Ансаролланың) қолын қысқарту арқылы мүмкін деген уәж айтты.
Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменге қарсы соғысында осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам йемендік қаза болып, 10 мыңнан астамы жарақат алып, миллиондаған адам босқынға айналды.