Сионистік режим әскерилерінің шабуылында екі палестиналық шәһид болды
(last modified Sat, 28 Jul 2018 09:13:27 GMT )
Шіл 28, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Сионистік режим әскерилерінің шабуылында екі палестиналық шәһид болды

Сионистік режимнің әскерилері Газа секторында орналасқан Хан-Юнес қаласының шығыс бөлігіндегі шекара маңындағы "Оралу құқығы" атты шеруге қатысушыларға шабуыл жасап, соның салдарынан екі палестиналық шәһид болып, 45 адам жарақат алды.

Palestine Al Yawm ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Хан-Юнестің шығыс бөлігінде сионистік әскерилердің нысанасына алынған Ғази Мұхаммад Абу Мұстафаның шәһид болғанын хабарлады.

Сонымен қатар, тағы бір палестиналық жас бала кеше сионистік режим әскерилерінің нысанасына алынып, шәһид болды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі наурыздың отызынан "Оралу құқығы" атты шеру басталғаннан бері палестиналық шәһидтер санының 154 адамға, ал жараланғандар санының 16 750 адамға жеткенін мәлімдеді.