Тель-Авив тұрғындары "Еврей мемлекеті" заңына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды
Тель-Авив қаласының жүздеген тұрғыны сенбі күні кешке Хабима алаңында жиналып, сионистік режимнің Парламентінде "Ервей мемлекеті" заңының қабылдануына наразылық білдірді.
Сионистік Yedioth Ahronoth ақпарат агенттігі шерушілердің қолдарына плакаттар ұстап, бұл заңның нәсілшіл және қайшылық тудырушы сипатқа ие екенін мәлімдегені туралы жазды.
Сионистік режимнің Кнессеті шілденің он тоғызы күні "Еврей мемлекеті" атты заң жобасын бекітті. Бұл заң бүкіл Палестинаны сионистердің жері деп жариялап, палестиналықтарды барлық азаматтық құқықтарынан айырды. "Еврей мемлекеті" заңы АҚШ үкіметі тарапынан әзірленген "Ғасыр мәмілесі" атты америкалық жобаның негізгі тіректерінің бірі саналады.
АҚШ бұл қолдау көрсететін жобасы арқылы Палестина мен Израиль арасындағы 70 жылдық қақтығысты шешуге талпыныс жасап жатыр. Бұл жоба бойынша, Бейт ул-Мұқаддас сионистік режимнің астанасы деп танылған.