Сирияда америкалық TOW зымырандары мен израильдік азық-түлік тиелімдері табылды
(last modified Mon, 30 Jul 2018 09:33:47 GMT )
Шіл 30, 2018 15:33 Asia/Almaty
  • Сирияда америкалық TOW зымырандары мен израильдік азық-түлік тиелімдері табылды

Сирия Әскері бұл елдің оңтүстік бөлігіндегі Деръа облысында бірқатар америкалық TOW зымырандары мен израильдік азық-түлік тиелімдерінің табылғанын хабарлады.

Fars News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Әскері жексенбі күні табылған зымырандардың "Ақ қалпақтылар" тобына тиесілі болғанын мәлімдеді.

"Ақ қалпақтылар" атты топ 2013 жылдың наурыз айында АҚШ пен Ұлыбританияның қаржыландыруымен Түркияда құрылған. Бұл топтың жұмысы Сириядағы лаңкестердің басып алған аймақтарында белсенділік етуге бағытталды.

Тегтер