2018 жылдың басынан бері 192 палестиналық шәһид болды
(last modified Wed, 01 Aug 2018 07:42:25 GMT )
Там 01, 2018 13:42 Asia/Almaty
  • 2018 жылдың басынан бері 192 палестиналық шәһид болды

Палестина тұтқындалған отбасылар ұлттық қауымдастығы сейсенбі күні 2018 жылдың басынан осы уақытқа дейін Газа секторының 172 тұрғыны мен Йордан өзенінің батыс жағалауында 19 адамның шәһид болғанына тоқталып: "192 шәһидтің ішінде 18 жасқа толмаған 32 бала болған. Солардың ішіндегі ең жас шәһид сегіз айлық Лейли Анвар әл-Ғандур, ең егдесі 60 жастағы Идрис Шакир Хамед Джебарин болған",- деп мәлімдеді.

Палестинаның ақпарат тарату орталығының мәліметі бойынша, Палестина тұтқындалған отбасылар ұлттық қауымдастығының хабарлауынша, ағымдағы жылдың басынан қазіргі кезге дейінгі палестиналық шәһидтердің саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артқан. 2017 жылы дәл осы кезеңде 76 палестиналық шәһид болды.