Саадада мыңдаған йемендік шеруге шықты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38504-Саадада_мыңдаған_йемендік_шеруге_шықты
Сәрсенбі күні Саада қаласында мыңдаған йемендік "Абыройымызды қанымызбен сақтаймыз" деген ұранмен шеру өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 02, 2018 15:09 Asia/Almaty
  • Саадада мыңдаған йемендік шеруге шықты

Сәрсенбі күні Саада қаласында мыңдаған йемендік "Абыройымызды қанымызбен сақтаймыз" деген ұранмен шеру өткізді.

Fars ақпарат агенттігінің al-Masirah-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йемен халқы осы шеруде жасаған мәлімдемелерінде саудиялық басқыншы коалицияның үш жылдан астам уақыт бойы Йемен халқына қарсы айуандық қылмыстары, әл-Ходейда облысында йемендік әйелдердің ұрлануы және олардың зорлық-зомбылыққа ұшырауының тек АҚШ үкіметінің келісімімен жасалып жатқанын айтып, БҰҰ-ның осындай қылмыстарға қатысты үнсіздік танытып отырғанын айыптады.

БАӘ әскерилері өткен жексенбі күні Йеменнің әл-Ходейда облысындағы әт-Тахайта ауданында йемендік азаматтардың үйіне шабуыл жасап, 8 әйелді ұрлап кетті.