Сирияның Дараа қаласы лаңкестердің қолынан толығымен азат етілді
(last modified Fri, 03 Aug 2018 03:06:12 GMT )
Там 03, 2018 09:06 Asia/Almaty
  • Сирияның Дараа қаласы лаңкестердің қолынан толығымен азат етілді

Сирия Армиясының күштері Срияның оңтүстігіндегі Дараа қаласы мен оның айналасындағы ауылдар мен қалашықтарды лаңкестік топтардың бақылауынан толық азат етті.

Сирия Армиясы ДАИШ лаңкестерінің аймақтағы соңғы базасы болған ал-Ғасир қаласын да босатты. ДАИШ лаңкестері қашқан кезде көптеген ауыр және жеңіл қаруларын тастап кетті.

Сирия Армиясының күштері ілгерілеушіліктерін басып алынған Палестина шекараларына дейін жалғастырып, ал-Қанитеренің солтүстік маңындағы аймақтарды босатты. Сирия армиясы осы жеңіспен Израильдің басып алынған Палестина жерлері мен.Сирия арасында дуал орнату қастандығын тоқтатты.