ИИР Президентінің арнайы өкілі Түркия Президентімен кездесті
ИИР Президентінің арнайы өкілі Махмуд Ваези Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, оған Хасан Руханидің жазбаша жолдауын жеткізді.
ИИР Президентінің арнайы өкілі кездесуде Ердоғанмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты соңғы өзгерістер, АҚШ-тың жаңа санкцияларының басталғаны және ИИР-ның осыған қатысты ұстанымдары жайлы сұхбаттасып, Иранның АҚШ өкініш білдіргенге дейін табандылық танытуға бел байлап отырғанын айтты.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған да Иран басшысынан хат алғанына алғыс білдіріп, Анкараның Теһранмен әріптестікті жалғастыруға әзір екенін мәлімдеп, екі елдің байланыстарын одан ары дамыту жолдарын тауып, ықтималды кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.