Түркия АҚШ-қа ескерту жасады
Там 11, 2018 15:13 Asia/Almaty
Түркия СІМ жұма күні осы елден АҚШ-қа импортталатын болат пен алюминийге тариф бекіту туралы шешіміне байланысты мәлімдеме жариялап, АҚШ-тың жаңа шешіміне қарсы қарымта шара қолданатынын қуаттады.
Reuters ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Түркия СІМ мәлімдемеде: «АҚШ-тың санкциясы мен қысымдары тек екі елдің қарым-қатынасына зиян келтіреді. Келіспеушілік дипломатия, сұхбаттасу, ізгі ниет пен екіжақты түсіністік арқылы шешіледі",- деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан импортталатын болат пен алюминийдің тариф көлемін екі есе арттырды.
Тегтер