"Əл-Ақса" мешітінің қақпалары палестиналық намазхандарға қайта ашылды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38699-Əл_Ақса_мешітінің_қақпалары_палестиналық_намазхандарға_қайта_ашылды
Сионистік режим бірнеше сағат бұрын "əл-Ақса" мешітінің қақпаларын палестиналық намазхандардың алдынан жапқаннан кейін оны қайта ашуға шара қолданды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 19, 2018 13:53 Asia/Almaty

Сионистік режим бірнеше сағат бұрын "əл-Ақса" мешітінің қақпаларын палестиналық намазхандардың алдынан жапқаннан кейін оны қайта ашуға шара қолданды.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, "əл-Ақса" мешітінің қақпалары қайта ашылғаннан кейін жүздеген  намазхан осы қасиетті мешітке барып, таң намазын оқыды.

Сионистік режимнің əскерилері жұма күні кешке "əл-Ақса" мешітінің қақпаларын палестиналық намазхандардың алдынан жауып, палестиналықтарға ақшам жəне құптан намаздарын оқу үшін мешітке кіруге рұқсат бермеді.

Сионист басқыншылар палестиналық намазхандарға Баб ул-Асбаттың алдында ақшам намазын оқып жатқан кезде шабуыл жасап, оларды соққыға жығып, ауданнан қуып шықты.