Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері пікір алмасты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38782
Иранның Қорғаныс министрі сириялық әріптесімен кездесуінде: "ИИР Сирияның территориялық тұтастығын қорғау үшін бар күшін салады. Өйткені, бұл елдің қауіпсіздігі аймақтың тұрақтылығына көмектеседі",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 26, 2018 20:46 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирияның Қорғаныс министрлері пікір алмасты

Иранның Қорғаныс министрі сириялық әріптесімен кездесуінде: "ИИР Сирияның территориялық тұтастығын қорғау үшін бар күшін салады. Өйткені, бұл елдің қауіпсіздігі аймақтың тұрақтылығына көмектеседі",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрі Амир Хатами жексенбі күні Дамаскте сол елдің Қорғаныс министрі Әли Аюбпен кездесуінде: "Сирияны лаңкестерден босату аймақтың қауіпсіздігне себеп болып, бөгделердің араласу сылтауын жояды",- деді.

Иранның Қорғаныс министрі екі күндік сапармен Дамаскке аттанып, сол елдің Қорғаныс министрлігі басшыларымен  кездесті.

Иранның Қорғаныс министрі Сирия Президенті Башар Асадпен кездеседі.