Насролла: Әскер, халық және қарсыласу күштері бірлігінің арқасында ДАИШ жеңіліске ұшырады
Ливан Хезболласының бас хатшысы жексенбі күні осы елдің шығысындағы Хармел аумағын тәкфирлік топтардың басқыншылығынан азат еткен күннің жылдығына орай өткен рәсімге қатысушылардың алдында видео-конференция арқылы сөйлеген сөзінде: "Қарсыласу күштері лаңкестік топтар күресті жылдам еңсерді. Бұл жеңістерге Әскер, халық пен қарсыласу күштерінің бірлігінің арқасында қол жеткіздік.
ДАИШ күштері Сирияның бір аймағында қоршауға алынған кезде америкалық тікұшақтар оларды құтқаруға келді. Америкалықтардың ДАИШ-тың жеңіліс табуында рөл атқарғаны туралы сөздері жалған. Себебі, олар ДАИШ-тың өмірін ұзартуға талпыныс жасап жатыр.
Бұл әлемде АҚШ ешқандай келісімді маңызды санамайды. Америкалықтар барлығына құрал ретінде қарайды, сондықтан күрдтер АҚШ-тың қастандық әрекеттеріне алданып қалмауы үшін сақ болуы тиіс",- деді.