Израильдің түрмелерінде 6500 палестиналық, соның ішінде 300 бала қамауда жатыр
(last modified Tue, 28 Aug 2018 14:26:15 GMT )
Там 28, 2018 20:26 Asia/Almaty
  • Израильдің түрмелерінде 6500 палестиналық, соның ішінде 300 бала қамауда жатыр

Сионистік әскерилердің Йордан өзенінің батыс жағалауындағы түрлі аймақтарға жасаған шабуылы сионистік әскерилер мен палестиналықтар арасындағы қақтығысқа ұласты.

Al Ahed News ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, дүйсенбі күні кешке сионистік қалашықтардың тұрғындары Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласының шығысында орналасқан хазірет Юсуфтың (ғ.с) кесенесіне шабуыл жасап, бір топ палестиналық жастармен қақтығысқа түскен.

Осы мәліметке сәйкес, палестиналық тұтқындардың қорғаушысы Фарах Сабаһ: "Сионистік режимнің түрмелерін басқаратын ұйым палестиналық жазушы әйел Лами Хатерді 34 күнге созылған қамау мен тергеуден кейін басқа абақтыға ауыстырды",- деді.

Сионистік режим шілденің жиырма төрті күні Лами Хатерді өз ұстанымдары мен жазған еңбектері үшін тұтқындап, абақтыға қамаған болатын.

Сионистік режимнің әскерилері түрлі сылтаулармен күн сайын Йордан өзенінің батыс жағалауы мен Құдстағы палестиналықтардың үйлеріне шабуыл жасайды.

Палестиналық ресми мәліметтерге сәйкес, Израильдің түрмелерінде кемінде 6500 палестиналық, соның ішінде 300 бала қамауда жатыр.