Иран мен Ирак Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасайды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i38910-Иран_мен_Ирак_Арбағин_рәсімдерін_өткізу_саласында_ынтымақтастық_жасайды
ИИР Ішкі істер министрі Абд әр-Реза Рахмани Фазли мен Ирак Ішкі істер министрі Қасем әл-Араджи Бағдадта имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің қырқы – Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 05, 2018 22:26 Asia/Almaty
  • Иран мен Ирак Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасайды

ИИР Ішкі істер министрі Абд әр-Реза Рахмани Фазли мен Ирак Ішкі істер министрі Қасем әл-Араджи Бағдадта имам Хусейннің (ғ.с.) шәһид болған күнінің қырқы – Арбағин рәсімдерін өткізу саласында ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойды.

Жыл сайын шамамен 4 миллион ирандық зияратшы қасиетті мекендерге зиярат жасау үшін Иракқа сапар шегеді. Олардың көбісі имам Хусейн (ғ.с.) Арбағинінің жылдығы күндері Иракқа аттанады.

Сондай-ақ, Ирактың шамамен 2 миллион зияратшысы, туристері және емделуді мақсат ететін азаматтары Иранға келеді.