Иран мен Түркия өнеркәсіп саласында әріптестікті дамыту қажеттігін қуаттады
Иранның Анкарадағы елшілігінің сауда істері жөніндегі кеңесшісі Әлиреза Джафарбиглу мен Түркияның Өнеркәсіп және технология министрлігінің өнеркәсіп қалашықтары департаментінің басшысы Рамазан Йылдырым кездесіп, әсіресе АҚШ-тың екі елге қарсы салған біржақты санкциялары кезеңңінде екі елдің өнеркәсіп және өнеркәсіптік қалашықтар саласында әріптестік жасауының маңыздылығын қуаттап, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірліктерін жариялады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Джафарбиглу Иран мен Түркия ортақ экономикалық комиссиясының сауда және экономика саласындағы әріптестігінің маңыздылығына тоқталып: "Ортақ экономикалық комиссияның 27-ші отырысы алдағы айларда Анкарада өтеді. Бұл комиссия екі ел арасында өнеркәсіп саласындағы әріптестік деңгейін жоғарылату үшін ең жақсы мұрсат болып табылады",-деді.
Рамазан Йылдырым да кездесуде Иран мен Түркия арасында өнеркәсіптік қалашықтар саласында әріптестікті арттыруды құптайтынын айтып, Түркияның өнеркәсіп саласындағы жұмыс берушілер делегациясының Иранға сапармен барып, ортақ әріптестік жайлы келіссөздер өткізуін ұсынды.