Түркияның Премьер-министрі Қазақстанға сапар шекті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i391-Түркияның_Премьер_министрі_Қазақстанға_сапар_шекті
Түркияның Премьер-министрі ресми кездесулер өткізу мақсатымен Қазақстанға аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 06, 2016 16:51 Asia/Almaty
  • Түркияның Премьер-министрі Қазақстанға сапар шекті

Түркияның Премьер-министрі ресми кездесулер өткізу мақсатымен Қазақстанға аттанды.

Түркияның TRT телеарнасы сайтының хабарлауы бойынша, Түркияның Премьер-министрі Ахмад Давудоғлының Қазақстан сапары осы елдің Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың шақыруымен орын алып отыр.

Түркияның Премьер-министрі бүгін Қазақстанда осы елдің елбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесіп, екі елдің арасында саяси-экономикалық, сауда және мәдени байланыстарды дамыту туралы сұхбаттасып, пікір алмасатын болады.