Сионистік режим Хан Ахмар ауылының тұрғындарына кетуге бұйырды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39128-Сионистік_режим_Хан_Ахмар_ауылының_тұрғындарына_кетуге_бұйырды
Сионистік режим Құдс қаласының қасындағы Хан Ахмар ауылының тұрғындарына ауылдарынан кетуге бір апта уақыт берді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 23, 2018 22:52 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Хан Ахмар ауылының тұрғындарына кетуге бұйырды

Сионистік режим Құдс қаласының қасындағы Хан Ахмар ауылының тұрғындарына ауылдарынан кетуге бір апта уақыт берді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, сионистік режимнің азаматтық істер әкімшілігі мен әскери басқармасы ауыл тұрғындарынан қазан айының біріне дейін ауылды босатуды, әйтпесе сионистердің соттың заңды шешімі бойынша, ауылды қирататынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын, дәлірек айтқанда биылғы жылдың шілде айында да сионистік режимнің әскерилері Хан Ахмар ауылын қирату үшін оған шабуыл жасаған. Бірақ, басқыншылар ауыл тұрғындарының қарсыласуымен бетпе-бет келіп, кетуге мәжбүр болды.

1953 жылы сионистік режим Хан Ахмар ауылының тұрғындарын әл-Ниқаб даласынан да қуған болатын.