Иран әйелдерінің классикалық күрестен құрама командасы Ливанда жеңімпаз атанды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39135-Иран_әйелдерінің_классикалық_күрестен_құрама_командасы_Ливанда_жеңімпаз_атанды
Иран әйелдерінің классикалық күрестен құрама командасы бірінші рет халықаралық сайысқа қатысып, жеңімпаз атанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 24, 2018 15:51 Asia/Almaty
  • Иран әйелдерінің классикалық күрестен құрама командасы Ливанда жеңімпаз атанды

Иран әйелдерінің классикалық күрестен құрама командасы бірінші рет халықаралық сайысқа қатысып, жеңімпаз атанды.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, әйелдер классикалық күресінің халықаралық бірінші сайысы жексенбі күні Иран, Армения, Сирия, Грузия, Мысыр, Ирак, Қырғызстан, Ливан, Украина және Италия спортшыларының қатысуымен Бейрутте өтіп, Иран спортшылары екі алтын және екі қола медальмен бірінші орын алды. Сонымен Иран командасы 99 ұпаймен бірінші, Ирак 83 ұпаймен екінші, Сирия 67 ұпаймен үшінші орын алды.