Йемен теңіз күштері Сауд Арабиясының Джизан портына шабуыл жасады
Йемен армиясы мен халық күштерінің ұшқышсыз ұшақтары Дубай әуежайына шабуыл жасағаннан кейін Йемен жағалауын қорғайтын теңіз күштері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан портындағы саудиялық әскери кемелерге қарсы шабуылдарын іске асырды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Йеменнің ақпарат көздері: "Йемен теңіз күштерінің әрекетінде Сауд Арабиясының шекара күштері кемелерінің бірқатары нысанаға алынып, порттың ішінде өртеніп, саудиялық күштерге көптеген шығын келтірілді",- деп хабарлады.
Йемен теңіз күштері қыркүйектің бірі күні Джизан жағалауында бір саудиялық әскери кемені нысанаға алды. Оған дейін тамыз айында Қызыл теңізде саудиялық "Әл-Дамам" әскери кемесін нысанаға алып, көптеген шығын келтірген болатын.
Йемен армиясы мен халықтық күштерінің ұшқышсыз ұшақтары жексенбі күні "Самад 3" деген ұшқышсыз ұшақтардың бірімен Дубайдың халықаралық әуежайын нысанаға алды.
Йемен армиясының баспасөз хатшысы Азиз Рашид бұдан бұрын ел армиясының, әсіресе теңіз күштерінің әскери күш-қуатына тоқталып: "Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы шабуылдары жалғасатын болса, Сауд Арабиясымен Біріккен Араб Әмірлігінің порттары мен әуежайлары нысанаға алынады",- деп қуаттады.
Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі және тағы басқа бірнеше үкіметтің қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан Йеменге қарсы әскери шабуылдарын бастап, бұл елді құрлық, теңіз және әуеден қоршауға алды. Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йемендегі соғысы 14 мыңнан астам йемендіктің өлуі мен ондаған мың адамның жаралануы мен миллиондаған йемендіктің босқынға айналуына себеп болды.