Иран Ахваздағы лаңкестік қылмысты ұйымдастырушыларға зымырандық шабуыл жасады
(last modified Mon, 01 Oct 2018 10:49:05 GMT )
Қаз 01, 2018 16:49 Asia/Almaty
  • Иран Ахваздағы лаңкестік қылмысты ұйымдастырушыларға зымырандық шабуыл жасады

Ислам революциясы Сақшылар корпусы дүйсенбі күні таңертең Ахвазда лаңкестік қылмысты ұйымдастырған топ басшыларының Евфрат өзенінің шығысында орналасқан базасын Сақшылар корпусы аэро-ғарыш күштерінің зымырандық бөлімі арқылы нысағана алғаны туралы хабарлады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы аэро-ғарыш күштерінің зымырандық бөлімі жүзеге асырған зымырандық шабуыл барысында Керманшахтан бірнеше "құрлық-құрлық" баллистикалық зымыраны лаңкестер басшыларының Сириядағы Евфрат өзенінің шығысындағы Абу-Камаль аймағында орналасқан базасын нысанаға алды.

Лондон мен Риядтың қолдауы мен қамқорлығына ие "әл-Ахвазия" және ДАИШ тәкфирлік топтар қыркүйектің жиырма екісінде "Қасиетті қорғаныс" апталығының басталуына орай Иран қарулы күштерінің Ахвазда ұйымдастырған әскери шеруіне лаңкестік шабуыл жасап, соның салдарынан 25 адам шәһид болып, ондаған адам жараланған болатын.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарында Иранның намысын қорғап, медаль алған спортшыларымен кездесуінде сенбі күні Ахвазда орын алған лаңкестік оқиғаға сілтеме жасап: "Бұл қорқақтық әрекет - Сирия мен Иракта ұсталып, америкалықтар құтқарып жатқан және Сауд Арабиясы мен БАӘ қаржылай демеп отырған адамдардың ісі. Ахваздағы ащы оқиғаны ұйымдастырғандардың міндетті түрде сазайларын тарттырамыз",- деп баса айтты.

ДАИШ пен басқа да лаңкестік тәкфирлік топтар Ирак пен Сирияда ауыр соққы алған жағдайда Ахвазда орын алған лаңкестік шабуыл лаңкестердің қолдаушыларының мақсаттары мен олардың Иранға қарсы әрекеттерін әшкере етті. АҚШ-тың Иранға қарсы мақсаттарының бірі Иранды лаңкестік және қауіпсіздік қауіп-қатерлері алдында қиындыққа ұшырату болып табылады.

"Әл-Каида", Талибандар, Саддам режимі мен әсірешілдерді қолдап келген АҚШ-тың аймақтық одақтастары лаңкестік топтарды қолдау арқылы Иранда тынышсыздық тудыруды көздеп отыр. Сауд Арабиясының бұл саладағы рөлі толығымен айқын: ол АҚШ пен Израильдің мақсаттарымен бағыттас.

Ұлыбританиялық The Independent басылымы біраз уақыт бұрын: "Кең тараған зорлық-зомбылық жасайтын ұйымдар мен олардың Сауд Арабиясы тарапынан қаржылай қамтамасыз етілуінің арасынан айқын байланыс байқалып отыр",-деп жазды.

ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні CNN арнасына берген сұхбатында Сауд Арабиясының аймақта тынышсыздық тудырудағы бүлдіргі рөліне тоқталып: "Сауд Арабиясының аталмыш топтарға Иранға шабуыл жасауды көбірек ақша төлеудің шарты деп бекіткеніне куә болып отырмыз. Сауд Арабиясының тақ мұрагері бір жарым жыл бұрын олардың Иранның ішінде соғыс тудыратынын мәлімдеген болатын",- деді.

Бұл жобаны құрғандар Иранның бұл зұлымдықтарға қатаң жауап қайтаратынын, Иранда тынышсыздық және авантюристік әрекеттерді тудыруды көздеп отырғандардың барлығын өкіндіретінін білгендері жөн. Ислам революциясы Сақшылар корпусы бір жыл бұрын ДАИШ лаңкестік тобының Теһранда жасаған лаңкестік шабуылына жауап ретінде олардың Дейр аз-Зурдегі базасын алты зымыранмен нысанаға алып, лаңкестердің зұлымдық әрекеттерінің жойқын жауапқа тап болатынын көрсеткен болатын. Ислам революциясы Сақшылар корпусының бүгін дүйсенбі күні Ахваздағы лаңкестік қылмысты жасаған топ басшыларының Евфрат өзенінің шығысында орналасқан базасына жасаған зымырандық шабуылы дәл осы мақсатта жүзеге асырылды.