Иран мен Түркия ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39250-Иран_мен_Түркия_ауылшаруашылығы_саласында_ынтымақтастықтарды_кеңейту_қажеттігін_қуаттады
Иран мен Түркияның Ауылшаруашылығы және орман министрлері Теһран мен Анкараның ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 04, 2018 01:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады

Иран мен Түркияның Ауылшаруашылығы және орман министрлері Теһран мен Анкараның ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иранның Ауылшаруашылық министрі Махмуд Ходжати Түркияның  Ауылшаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирлимен кездесуінде: «Иран мен Түркияның ауылшаруашылық айналымының мөлшері өте аз, сондықтан оны арттыру қажет»,- деді.

Иранның Ауылшаруашылығы министрі Түркияның Иранның ауылшаруашылығы бөліміне инвестиция салуын қолдап: «Түркия жылыжай бөлімінде жақсы жетістіктерге қол жеткізді, сондықтан Иран мен Түркияның бұл саладағы ынтымақтастықтары үшін жақсы жағдай қалыптасқан»,- деді.

Бекир Пакдемирли де Түркия мен Иранның әсіресе ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттап, Анкараның Теһранмен ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Иран мен Түркияның  Ауылшаруашылығы және орман министрлері бұл кездесуден кейін ауылшаруашылық саласына қатысты үш ынтымақтастық құжатына қол қойды.