Америкалық коалиция ДАИШ мүшелерін Сириядан тасымалдауда
Сириялық ақпарат құралдары сенбі күні АҚШ басқаратын ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның осы лаңкестік топтың бір топ мүшесін Сирияның шығысындағы Дейр оз-Зордың оңтүстік-шығысында орналасқан әл-Шаафа қалашығынан шығарып алғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сириялық ақпарат құралдары америкалық коалиция тікұшақтарының лаңкестерді тасымалдау жұмысын атқарғанын хабарлады. Көбісі жаралы лаңкестердің қай жерге тасымалданғаны беймәлім. Әл-Шаафа қалашығы ДАИШ лаңкестік тобының бақылауында қалып отыр.
Ресми мәліметтерге сәйкес, америкалық коалиция осы уақытқа дейін Сириядағы лаңкестерге сан рет көмектескен.
Сирия Президенті Башар Асад жуырда: «Америкалық коалиция іс жүзінде ДАИШ лаңкестік тобының әуе күшіне айналды»,-деп мәлімдеді.