Сейіт Хасан Насролла: Трамп әшкере түрде және тіл тигізу арқылы тонаушылық жасауда
Ливандық Хезболланың бас хатшысы: "АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері дипломатиялық әдістер арқылы және құрметпен тонаған болса, Дональд Трамп әшкере түрде және тіл тигізу арқылы тонап жатыр",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, ливандық Хезболла партиясының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла жұма күні кешке Ливанның Хезболла партиясы қолбасшыларының бірі шәһид Эмад Моғнияның анасы Амене Саламаның жерлеу рәсімінде АҚШ президенті Дональд Трамптың Сауд Арабиясын бопсалау әрекетіне тоқталып: "Мұсылман елдері Трамптың "Егер АҚШ болмағанда, Сауд Арабиясы да болмас еді" деп бірнеше рет айтқан сөзінен ғибрат алуы тиіс", - деді.
Сейіт Хасан Насролла араб елдері мен олардың басында тұрған саудиялықтардың Дональд Трамптың тіл тигізуіне қатысты реакциясына сілтеме жасап: "Олар Трамптың тіл тигізген әрекетіне реакция ретінде күлімсіреу, қорлану мен үнсіздіктен басқа ешқандай реакция танытпады",- дедіы.
Ливандық Хезболланың бас хатшысы ИИР-ның өз егемендігіне қатысты ешқашан ешкіммен мәміле жасамағанына тоқталып: "Трамптың Иранның 12 минуттың ішінде Таяу Шығысқа үстемдік орнату әлеуетіне ие екендігіне негізделген сөздері Иранның ұлылығы мен қуатына дәлел",- деп баса айтты.