ДАИШ 10 сириялық азаматты дарға асты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39423-ДАИШ_10_сириялық_азаматты_дарға_асты
Оппозиционерлерге тиесілі "Сирияның адам құқығын бақылау ұйымы ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобының 10 сириялық азаматты елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор облысының түрмелерінде өлтіргенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 15, 2018 20:42 Asia/Almaty
  • ДАИШ 10 сириялық азаматты дарға асты

Оппозиционерлерге тиесілі "Сирияның адам құқығын бақылау ұйымы ДАИШ лаңкестік-тәкфирлік тобының 10 сириялық азаматты елдің шығысындағы Дейр-эз-Зор облысының түрмелерінде өлтіргенін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің Сирияның адам құқығын бақылау ұйымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ДАИШ лаңкестері Дейр-эз-Зор облысының оңтүстік-шығысында орналасқан Хаджин, әл-Бухатар мен әш-Шаафа аудандарындағы түрмелерде өлтірілген сириялықтардың мүрделерін Дейр-эз-Зордың оңтүстік аудандарының көшелерінде көрсеткен.

Сирияның адам құқығын бақылау ұйымы, сондай-ақ, дүйсенбі күні таңертең: "Ресей мен Түркияның лаңкестік топтарға Сирияның солтүстік-батысындағы Идлибте қарусыз буферлік аймақтан шығуға берген мерзімі аяқталғанымен, ешбір лаңкес бұл аймақтан кетпеді",-деп хабарлады.