Сауд Арабиясы Хашагджиді өлтіргенін мойындады
Сауд Арабиясы ақырында ресми түрде саудиялық сыншы әрі тілші Джамал Хашагджиді осы елдің Стамбұлдағы Бас консулдығында өлтіргенін мойындады.
Сауд Арабиясының Қоғамдық прокуратурасы жұма күні кешке бастапқы зерттеулердің Джамал Хашагджидің Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығындағы ұрыстан кейін қаза болғанын растайтынын мәлімдеп: «Джамал Хашагджидің өліміне қатысты тексеріс жалғасып жатыр. Бұл іске қатысты 18 саудиялық азамат қамауға алынды»,-деді.
Хашагджидің өлтірілгенін растайтын бұл мәлімдеме Сауд Арабиясының АҚШ-пен үйлесе отырып, саудиялық сыншының ісін басқарып, саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның Хашагджидің өліміне қатыстылығын жасыруға күш салып жатқанын көрсетеді.
Осындай жағдайда Сауд Арабиясының королі Малек Салман жұма күні кешке елдің қоғамдық барлау органының құрылымын қайта қарау мақсатында тақ мұрагерінің басқаруымен министрлік комитет құруға шешім қабылдады.
Осы бұйрықтан кейін король Салман бен Абдулазиз Сауд Арабиясының қоғамдық барлау органы басшысының орынбасары Ахмад әл-Асири мен Сауд корольдігі сотының кеңесшісі Сауд әл-Қахтаниді қызметтерінен босатты.
Сауд королі, сондай-ақ, өзінің барлау жөніндегі орынбасары генерал Мұхаммад Мерих, гуманитарлық істер жөніндегі орынбасары генерал Абдулла бен Халифе әл-Шайе, Сауд Арабиясының барлау органындағы қоғамдық барлау және күзет департаментінің басшысы генерал Рашад әл-Мұхаммадиді қызметтерінен босатты.