Лаңкестер Идлибке химиялық заттар тиелген жүк жеткізді
Қаз 21, 2018 23:05 Asia/Almaty
"Тахрир әш-Шам" лаңкестік тобы хлор мен зарин газдарына толы химиялық заттардың жүгін Идлиб облысына жеткізді.
Хабардар дереккөздердің бірі "Тахрир әш-Шам" лаңкестік тобының (Джебхат ан-Носрат) химиялық заттарды "Ақ қалпақтылар" лаңкестік тобының бақылауы және "Түркістандық партия" лаңкестік топ мүшелерінің көмегімен жеткізгенін хабарлады.
Бұдан бұрын лаңкестер Батыс ақпарат құралдары және "Ақ қалпақтылармен" бірге Сирия армиясын химиялық заттарды пайдаланды деп айыптау үшін әртүрлі қастандық жобалағанымен ақпарат құралдарының әшкерелеуінің арқасында қастандықтардың барлығы сәтсіздікке ұшырады.
Тегтер