Сардар Аштари: Кербалаға 1 млн 950 мың зияратшы аттанды
(last modified Tue, 30 Oct 2018 13:02:36 GMT )
Қаз 30, 2018 19:02 Asia/Almaty
  • Сардар Аштари: Кербалаға 1 млн 950 мың зияратшы аттанды

Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы генерал Хосейн Аштари 1 млн 800 мың ирандық және 150 мың шетелдік зияратшының Мехран, Чазабе және Шаламче шекаралық пунктері арқылы Ирактың қасиетті жерлеріне аттанғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, генерал Хосейн Аштари дүйсенбі күні кешке Шаламче шекаралық өткелінде тілшілерге берген сұхбатында Мехран, Чазабе және Шаламче шекаралық пунктері арқылы қайтқан зияратшылар санын 500 мың адам деп атап, бұл күндері Хосейннің қырқының жылдығы – «Арбағин» рәсімдеріне қатысуға барған зияратшылардың Ирактан Иран арқылы қайтып жатқандарының санының қатты артқанын айтты.