Лаңкестер Сирияның Идлиб пен Хама облыстарынан химиялық заттар тасымалдады
Сирияның SANA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ән-Носрат майданына бағынышты "Джейш ул-Аза" лаңкестік тобы хлор мен сарин құйылған екі газ капсуласын әл-Латамана ауданынан Хаманың солтүстік-батысындағы Қалле әл-Мазиқ ауданына тасымалдаған.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл екі капсула Хаел ауданындағы ДАИШ лаңкестік тобымен одақтас топтарға берілді.
"Тахрир әш-Шам" лаңкестік тобы осы ауданда химиялық заттардан тұратын жүктерді "Ақ қалпақтылар" және "Түркістан партиясы" лаңкестік топтарының мүшелерінің бақылауымен сан рет тасымалдады.
Бұдан бұрын да лаңкестер Батыс ақпарат құралдары және Ақ қалпақтылардың үйлестіруімен Сирия армиясын химиялық қару қолданды деп айыптау үшін әртүрлі қастандық жобаларын орындады. Олардың барлығы ақпарат құралдарының нақты әшкерелеуінің нәтижесінде сәтсіздікке ұшырады.