Иракта әлем бойынша ең көп халық жиналған рәсім өтті
(last modified Wed, 31 Oct 2018 12:31:46 GMT )
Қаз 31, 2018 18:31 Asia/Almaty
  • Иракта әлем бойынша ең көп халық жиналған рәсім өтті

Ирактың оңтүстігіндегі Кербала қаласында сейсенбі күні имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің қырқы – «Арбағин» күніне байланысты 14 миллион адамның қатысуымен әлем бойынша ең көп халық жиналған рәсім өтті.

Исламдық елдер Телерадио бірлестіктері одағының хатшысы Әли Карими биылғы "Арбағин" рәсіміне қатысты сөзінде 43 мемлекеттің шамамен 400-ден астам ақпарат арнасы мен 1600-ге жуық тілшінің ақпарат таратқанын хабарлады.

Ирактың ресми дереккөздері өткен 10 күннің ішінде 14 миллионнан астам зияратшының "Арбағин" рәсімдеріне қатысқанын мәлім етті.

«Әл-Хашд әш-Шааби» басшысының орынбасары Абу Мәһди әл-Моһандес "Арбағин" зияратының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жобаға тоқталып осы топ мүшелерінің жобаның сәтті орындалуында маңызды рөл атқарғанын айтты.