Башар Асад: АҚШ әлемге экстремизмді таратады
Қар 01, 2018 19:25 Asia/Almaty
Сирия Президенті АҚШ-тың әлемде надандық пен кедейшілікті тарату мақсатында экстремизмді өршітіп отырғанын мәлімдеді.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сәрсенбі күні Дамаскта Дүниежүзілік бейбітшілік кеңесі мен Дүниежүзілік демократ жастар федерациясының мүшелерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "Егер армандар шынайы әрі халықтардың талап-тілектері мен мүдделеріне сәйкес болса, кейбір Батыс елдерінің шектеулі мүдделеріне қарсы тұруға болады.
Армандарды қорғаудың құны жоғары. Сирия халқы да өз елі мен шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін сақтау үшін орасан зор құн төледі",-деді.
Тегтер