Израильмен қатынасты қалыптандыру екіжүзділердің шынайы бейнесін көрсетті
(last modified Sun, 11 Nov 2018 09:21:39 GMT )
Қар 11, 2018 15:21 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла араб елдерінің Израильмен қатынасын қалыптандырудың екіжүзділердің шынайы бейнесін көрсеткенін айтты.

Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла сенбі күні Бейруттің оңтүстігінде «Шәһид күні» рәсіміне қатысушыларға видеоконференция арқылы айтқан сөзінде сионистік режиммен қатынасты қалыптандыруды айыптап, ислам және араб елдерін Құдсты басып алған режимді қабылдамауға шақырды.

Ливан Хезболласының бас хатшысы: «Басқыншы Израиль режимі палестиналықтардың жүздеген операциясын сәтсіздікке ұшыратқанының өзі палестиналықтардың қарсыласу рухын көрсетеді. Газа халқы «Оралу құқығы» шеруін жалғастырып, жанпидалық таныту арқылы сионистік режимге берілмейтінін көрсетті.

Саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашоғджидің өлімінен кейін есеңгіреп қалған әлемнің Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына алаңдамайтыны таң қалдырады. Осындай жағдайда БҰҰ ашаршылық алдында тұрған 14 млн йемендік жайлы сөз қозғағанда әлем елдері ешқандай реакция білдірмейді»,-деді.