Либерман: Күш көрсету арқылы ХАМАС-ты ешкім жоя алмайды
(last modified Mon, 19 Nov 2018 10:17:39 GMT )
Қар 19, 2018 16:17 Asia/Almaty

Сионистік режимнің соғыс министрі Газа секторындағы Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) әскери күш көрсету арқылы жойылмайтынын мәлімдеді.

Палестина ақпарат тарату орталығының мәліметі бойынша, Авигдор Либерман жексенбі күні сионистік режимнің 12-ші арнасына берген сұхбатында Израиль соғыс таңу арқылы ХАМАС-тың көзін жоя алмағандықтан, оны жоюға бағыттылған басқа жолдарды іздестіргенін мәлімдеді.

Либерман өзінің Газа секторына қарсы саясаттарының израильдік басқа басшылардың сынына ұшырағанын айтып: "Израиль алдымен Газа секторын қоршауға алуды бәсеңдетіп, Газа секторы тұрғындарымен тікелей сұхбат жүргізу арқылы ХАМАС-ты бұл теңгерімнен шығаруға талпыныс жасады",- деді.

Авигдор Либерман қарашаның он төрті, сәрсенбі күні қарсыласу топтарының зымырандық шабуылдарының жалғасында Израиль атысты тоқтату бітіміне келісуге мәжбүр болғаннан кейін бұл бітімнің берілуді білдіретінін айтып, өзінің Израиль соғыс министрі қызметінен отставкаға кететінін мәлімдеді.