Исламдық ояну қозғалысы дамып келеді
Дүниежүзілік исламдық ояну ассамблеясының бас хатшысы Әли Акбар Велаяти "Исламдық бірлік" конференциясында қозғалған мәселелерден барлық үлемдердің исламдық ояну қозғалысының әлі де белсенді дамып келе жатқанын растайтыны туралы қорытынды шығаруға болатынын айтып:
"Тунис пен Ливия сияқты кейбір елдерде қиындық туындағанымен исламдық ояну қозғалысы әлі де белсенді дамып келеді. Ирак пен Сирияда мұсылман халықтар жеңіске жетті. Мұның өзі исламдық ояну қозғалысының сәттілігінің белгісі. Исламдық оянудың келесі белгісі Газаның соғыста сионистік режимді екі күннің ішінде жеңуі болды.
Ислам әлемі мен исламдық ояну қозғалысының дұшпандары Иракты үш елге айналдырып, Сирияны бес елге бөлшектеп, Хезболлланы жоюды көздеді. Бұл олардың жеңіліс тапқанын, исламдық оянудың ілгерілегенін көрсетеді. Біз мұны мақтан тұтамыз",-деді.