Катар АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын сынады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40412-Катар_АҚШ_тың_Иранға_қарсы_біржақты_санкцияларын_сынады
Катар СІМ АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты әрі қатыгез санкцияларын сынады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 17, 2018 14:42 Asia/Almaty
  • Катар АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларын сынады

Катар СІМ АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты әрі қатыгез санкцияларын сынады.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі таңертең хабарлауы бойынша, Шейх Мұхаммад ибн Абдурахман әл-Тәни АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында Вашингтонның Иранға қарсы біржақты санкцияларын тілге тиек етіп, санкцияларды қиындықты шешетін жол емес деп атады.

Катар СІМ аймақтың келесі текетіреске шыдай алмайтынын айтып, АҚШ-тан келіссөздер үстеліне қайта отырып, дипломатиялық шешім жолын ұсынуын сұрады. Шейх Мұхаммад ибн Абдурахман әл-Тәни сұхбатының басқа бөлігінде Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Таяу Шығыс аймағындағы әрекеттерін сынап, Сауд Арабиясынан Йемен халқына қарсы шабуылын доғаруды сұрады.