Иран Президенті Түркияға келіп жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40473-Иран_Президенті_Түркияға_келіп_жетті
ИР Президенті Иран-Түркия стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына қатысу үшін Анкараға келіп жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 20, 2018 14:48 Asia/Almaty
  • Иран Президенті Түркияға келіп жетті

ИР Президенті Иран-Түркия стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына қатысу үшін Анкараға келіп жетті.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ресми шақыруымен екі ел стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына қатысу үшін сәрсенбі күні түстен кейін Түркия астанасы Анкара қаласына келіп жетті.

Түркия Президенті бейсенбі күні өз сарайында Иран Президентін ресми түрде қарсы алды.