Санкциялар – Иран мен Түркияның экономикалық қатынастарын кеңейту үшін мүмкіндік
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40490-Санкциялар_Иран_мен_Түркияның_экономикалық_қатынастарын_кеңейту_үшін_мүмкіндік
ИИР президенті Рухани Иран мен Түркияның дұрыс басқару арқылы Вашингтонның Теһранға қарсы әділетсіз санкцияларын екі елдің экономикалық қарым-қатынастарын арттыруға бағытталған мүмкіндікке айналдыра алатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 21, 2018 17:09 Asia/Almaty
  • Санкциялар – Иран мен Түркияның экономикалық қатынастарын кеңейту үшін мүмкіндік

ИИР президенті Рухани Иран мен Түркияның дұрыс басқару арқылы Вашингтонның Теһранға қарсы әділетсіз санкцияларын екі елдің экономикалық қарым-қатынастарын арттыруға бағытталған мүмкіндікке айналдыра алатынын мәлімдеді.

IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани бейсенбі күні кешке Анкарада Иран мен Түркияның кәсіпкерлері мен экономикалық белсенділерінің алдында сөйлеген сөзінде Иранның Түркияны ұзақ мерзімге энергетикамен қамтамасыз етуге дайын екенін баса айтып, АҚШ-тың Иранға қарсы салған санкцияларын әділетсіз деп атап: "Халықаралық заңдар мен ұлттардың мүдделерінен басқа ешбір мемлекет Иран мен Түркияның экономикалық қарым-қатынастарына әсер етпеуі керек",- деді.

Рухани Иран мен Түркияның бүкіл аймаққа қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтаруды көздеп отырғанын баяндап: "Теһран мен Анкара ортақ ынтымақтастықтар арқылы шетелдіктер мен шетелдік алып державаларға аймақ қауіпсіздігі үшін шешім қабылдай алмайтынын мәлімдейді",- деді.

Форумда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Иранға қарсы санкция жариялағанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың санкция жариялауға қатысты шешімі екі елдің экономикалық қатынастарын арттыру мақсатына жетуіне кедергі болмауы керек. АҚШ-тың шешімі Иран халқын жазалау деген мағынаны білдіретінін білген жөн. Түркия кез келген мүмкіндікте бұл мәселені ашық мәлімдеп келеді",- деді.