Израильдіктер Тель-Авивте Нетаньяхуға қарсы шеру өткізді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40517-Израильдіктер_Тель_Авивте_Нетаньяхуға_қарсы_шеру_өткізді
Жүздеген израильдік Франция азаматтары сияқты үстеріне сары кеудеше киіп, сионистік режим Кабинетінің саясатына қарсылық білдірген шеру өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 23, 2018 19:27 Asia/Almaty
  • Израильдіктер Тель-Авивте Нетаньяхуға қарсы шеру өткізді

Жүздеген израильдік Франция азаматтары сияқты үстеріне сары кеудеше киіп, сионистік режим Кабинетінің саясатына қарсылық білдірген шеру өткізді.

Mehr ақпарат агенттігінің "ән-Нашре" басылымына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, израильдіктер тұрмыстық жағдайдың нашарлауына наразылық білдіріп, Тель-Авивте шеру өткізіп, сионистік режим Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы ұрандар айтқан.

Израильдік наразылар 14 желтоқсанда басып алынған жерлердегі Бейт ул-Мұқаддастың көшелеріне шығып, Франция азаматтары сияқты үстеріне сары кеудеше киіп, бағаның өсуіне наразылық білдірді.

Жаңа жылда Израильде су мен электр қуатының тарифы өседі деп болжанған.