Палестинаны қолдау – ИИР-ның кесімді саясаты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i40532-Палестинаны_қолдау_ИИР_ның_кесімді_саясаты
Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) Парламентінің төрағасы әрі саяси кеңсесінің басшысы Махмұд әл-Заһар бастаған Палестина Парламенті депутаттарынан құралған делегация ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен келді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 24, 2018 18:23 Asia/Almaty
  • Палестинаны қолдау – ИИР-ның кесімді саясаты

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) Парламентінің төрағасы әрі саяси кеңсесінің басшысы Махмұд әл-Заһар бастаған Палестина Парламенті депутаттарынан құралған делегация ИИР-ның басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен келді.

Палестиналық делегация жексенбі күні Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесті. Кездесулер барысында Иранның Палестина халқының тағдырына қатысты сыртқы саясатының бағдары саналатын өте маңызды тақырыптар қуатталды. Соның ішінде, Иранның көзқарасына сәйкес, ислам әлемінің ең маңызды мәселесі саналатын Палестина арманын қолдау және Құдсты азат ету тақырыптары баса айтылды. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы Әли Шамхани бұл мәселеге қатысты: "Ислам әлеміне төнген ең негізгі қатер саналатын сионистік режиммен күрес жолында ауытқушылыққа себеп болатын кез келген әрекет әлем мұсылмандарына жасалған қиянат саналады",- деді.

Иран СІМ де Палестина Парламентінің таралуына өкініш білдіріп, бұл істі демократия негіздеріне қайшы келетін сионистердің теріс пайдаланушылығына себеп болғанын айтып, Палестина Парламентінің Палестина автономды құрылымының басшысы Махмұд Аббас тарапынан таралуын терең зерттеуді қажет ететін мәселе деп атады. Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы бұл шешімнің палестиналықтар үшін тигізетін қауіпті салдары жайлы мәлімдеме жариялап, қарулы  күрестің заңдылығына қайшы кез келген әрекеттің жеңіліске ұшырап, палестиналықтар арасындағы алауыздыққа бүлдіргі әсер ететінін айтты.

Өкінішке орай, ислам әлемінде жік салатын саясаттардың орнауы Палестина мен оның мазлұм халқының құқықтарын жүзеге асыруға қатысты өзектіліктің төмендеуіне себеп болды. Бұл саясаттар қарсыласу майданын әлсіретіп, ислам дұшпандарымен әріптестікті мақсат етіп отыр. Соңғы жылдары бір келісімге келу үдерісі, басқаша айтқанда Палестина мәселесінің ұмытылуы 1967 жылғы шекараларды қайта бекітіп, "Ғасыр мәмілесін" жүзеге асыру секілді таңдауларды көздеп келді.

Алайда қарсыласу қозғалысы осы жылдары  Израильге қарсы тұрып, аймақта орнаған жағдайға қарамастан сионистік режимнің сұрқия мақсаттарына жетуіне жол бермеді.

Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Палестина Парламентінің саяси және сыртқы істер комитетінің төрағасымен және ол кісінің қасындағы делегациямен Теһранда кездесуінде Палестина арманын қолдау қажеттігін баса айтып: "Ислам әлемі кейбір келіспеушіліктерге қарамастан теріс пайдаланушылықтардың алдын алу мақсатында Палестинаны қолдау бағытында бірігуі қажет",- деп мәлімдеді. Зариф, сондай-ақ, осы мәселеге қатысты бірқатар маңызды жайтқа тоқталып, өкінішке орай, қазір ислам әлемінде қарсыласу қозғалысына деген қатынас пен қарсылық жасалып жатқанын мәлімдеді.

Аймақтағы оқиғалар Палестина халқы мен Құдстың келешегін кейбір араб мемлекеттерінің саяси жоспарлары мен мәмілелерінің жолында құрбан ететін тараптардың бар екендігін көрсетіп отыр. Бұл БҰҰ Жарғысына сәйкес қарсыласу қозғалысы басқыншылыққа қарсы заңды қозғалыс саналатын жағдайда орын алып отыр. ИИР-ның берік саясаты – қатыгез, зұлым елдердің алдында мазлұмдарды қолдау. Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің төрағасы мен СІМ-нің Палестина Парламенті мүшелерімен Теһранда кездесу кезінде айтқан сөздері дәл осы жайтты қуаттады.