Зарифтің Ирак сапары негізінде екі көршілес елдің стратегиялық қарым-қатынасын сараптау
(last modified Sun, 13 Jan 2019 08:52:40 GMT )
Қаң 13, 2019 14:52 Asia/Almaty
  • Зарифтің Ирак сапары негізінде екі көршілес елдің стратегиялық қарым-қатынасын сараптау

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің бүгінгі Иракқа сапары аймақтың қазіргі жағдайы мен екі ел қарым-қатынасының жоғары деңгейінде өте маңызды саналады.

Зарифпен жексенбі күнгі Ирак сапарында саяси-экономикалық жауапты тұлғалар, іскерлер мен мемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларынан тұратын жоғары лауазымды делегация бірге барады.

Иран мен Ирактың саясат, экономика, мәдениет, тіпті қорғаныс пен қауіпсіздік салаларындағы әріптестігі дамып келеді. Өзара ынтымақтастықтың артуы стратегиялық деңгейге жетті. Оның стратегиялық сипатта болуы екі ел арасында жақсы әлеуеттің болуына байланысты.

Осы аяда кейбір кедергілерге қарамастан екі ел басшылары әріптестікті дамытуға белді бекем буып отыр. АҚШ-тың бүлдіргі әрекеттері осы стратегиялық қарым-қатынасқа кедергі жасай алған жоқ.

Қазіргі жағдайда Иран мен Ирак арасында ортақ мақсаттар мен мүдделер бар. Лаңкестікпен күрес тақырыбы Теһран мен Бағдад арасындағы ынтымақтастық деңгейін қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестікке қарай итермеледі.

Қазіргі жағдайда Ирак үкіметі жұмысының жаңа кезеңі басталған соң әріптестіктегі басым бағыт барлық салалар бойынша экономикалық белсенділіктерді дамыту болып отыр. Бүгінде Ирактың импортқа мұқтаж екеніне көңіл аудару керек. Иран бұл ел үшін ең тиімді транзиттік жол. Ирак, сондай-ақ, электр қуаты мен жанар-жағармай импортын да қажет етеді. Теһран Иракқа бұл салада көмектесе алады. Мұнымен қоса, инженерлік-техникалық қызметтер көрсету мәселесінде де Иран өз тәжірибесін Иракқа ұсынуға дайын.   

Тағы бір маңызды мәселе – екі елдегі зиярат сапарлары, әсіресе «Арбағин» ұлы шеруі мен рәсімін өткізу. Статистикалық мәліметтер бойынша, жыл сайын екі елдің 10 млн-ға жуық азаматы зиярат пен саяхат үшін Иран мен Иракқа сапар шегеді.

Қоршаған орта мәселесі де қысқа және ұзақ мерзімде екі елдің әріптестік бағдарламасында қарастырылатын тақырыптардың бірі. Сол себепті екі ел арасында аймақтық, халықаралық және ислам әлемі мәселелеріне қатысты саяси ынтымақтастық деңгейін жоғарылату өте маңызды болып отыр. Өйткені, Иран мен Ирактың екеуі де аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға көмектесуді мақсат тұтады.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ирак Президенті Бархам Салех пен ол бастаған делегациямен жуырда Иранда кездесуінде: «Мықты, тәуелсіз әрі дамыған Ирак Иран үшін өте пайдалы болмақ. Біз ирактық бауырлардың қасынан табыламыз. ИИР-ның жауапты тұлғалары Иракпен әріптестікті кеңейтуге бел буып отыр»,-деді.

Осындай тіректің арқасында ИИР Ирак үкіметі мен халқының жанынан табылуға әзір.     

 

Тегтер