Либерман Израиль Премьер-министрінің қызметтен кетуін талап етті
(last modified Sun, 13 Jan 2019 12:57:03 GMT )
Қаң 13, 2019 18:57 Asia/Almaty
  • Либерман Израиль Премьер-министрінің қызметтен кетуін талап етті

Газаға жақын маңдағы сионистік қалашықтарда зымырандық шабуыл дабылы қосылғаннан кейін сионистік режимнің отставкаға кеткен Соғыс министрі сенбі күні түнде Twitter-дегі жеке парақшасында Израильдің Министрлер кабинетін тарату қажеттігін айтты.

Сионистік режим армиясы сенбі күні түнде Газаға шекаралас орналасқан «Садут Нақаб» және «Шерха Нақаб» сионистік қалашықтарына зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлады.

Сионистік режимнің отставкаға кеткен Соғыс министрі Авигдор Либерман: «Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кабинеті қатер дабылын қалашық тұрғындары өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналдырды»,-деді.

Сионистік режим армиясы Газаға шекаралас орналасқан қалашықтардың тұрғындарынан қауіпсіз баспаналарға жасырынуды сұрады.