Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Сирияның астанасына шабуыл жасады
(last modified Mon, 21 Jan 2019 09:38:40 GMT )
Қаң 21, 2019 15:38 Asia/Almaty

Сириялық ақпарат құралдары дүйсенбі күні таңертең сионистік режим қырғи ұшақтарының Сирияның астанасы Дамаск қаласына шабуыл жасағанын хабарлады.

Сирияның SANA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, шабуылдың жалғасында Дамаскте бірнеше қатты жарылыстың дауысы естілген.

SANA ақпарат агенттігі Сирия Әскерінің сионистік режимнің қырғи ұшақтарының шабуылдарымен күрескенін хаьбарлады.

Осы мәліметке сәйкес, Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі сионистік режимнің бірнеше зымыранын атып түсірген.

Сионистік режимнің әскері сондай-ақ, Сирияға шабуылдарына жауап беруден бас тарту жайлы ескерту жасаған.

Бұған қарамастан, сириялық ақпарат құралдары Сирияның Голан жоталарындағы Джебел аш-Шейх аумағында бірінен кейін бірі атылған алты жарылыстың естілгенін хабарлады.