Қаң 24, 2019 18:40 Asia/Almaty
  • Иран – «жасанды интеллект» саласындағы мақалалары бойынша аймақта көшбасшы

Иранның Когнитивті ғылым және технологияларды дамыту штабының хатшысы Мохаммадреза Нили Аһмадабади халықаралық деректерге сәйкес, Иранның «жасанды интеллект» саласындағы мақалалары бойынша 2017 жылы әлемде 14-ші, аймақта бірінші орында орналасқанын хабарлады.

Мохаммадреза Нили Аһмадабади Иранның Екінші арнасының "Арнайы сұхбат" бағдарламасында когнитивті ғылым мен технологиялар деңгейінің артуын Иран мен әлемнің дамуына оң әсерін тигізетінін айтып: "Бұл ғылымның түпкі мақсаты адамзат баласының когнитивті капиталын арттырып, оның тапшылыққа ұшырау мүмкіндігінің алдын алып, азайту және өмір сүру деңгейін жақсарту үшін оның кемшіліктерін жою болып табылады",- деді.

«Жасанды интеллект» деп адамның интеллектуалды әрекеттеріне ұқсас, әсіресе  қиын жағдайды түсіну, білім алу қабілеті мен мәселелерді шешу үшін дәлелдеу мен негіздеме келтіру секілді реакцияларды көрсете алатын жүйелерді атайды.

 

 

Тегтер