Катарда Талибан мен АҚШ келіссөздерінің төртінші кезеңі нәтижесіз аяқталды
(last modified Sun, 27 Jan 2019 08:47:20 GMT )
Қаң 27, 2019 14:47 Asia/Almaty
  • Катарда Талибан мен АҚШ келіссөздерінің төртінші кезеңі нәтижесіз аяқталды

Талибанның ақпарат хатшысы Забихулла Моджахед осы топтың Катарда АҚШ өкілдерімен өткен келіссөздерінің төртінші кезеңінің нәтижесіз аяқталғанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабына қарасты Пушту радиосының хабарлауы бойынша, Забихулла Моджахед өткен дүйсенбі күні Катардың астанасы Дохада басталып, сенбі күні аяқталған келіссөздердің осы кезеңінде ешқандай нәтиже болмағанын хабарлады.

Талибанның ақпарат хатшысы АҚШ бастаған шетелдік күштердің Ауғанстаннан шығарылмайынша мұндай келіссөздердің пайдасыз екенін айтты.

Ол, сондай-ақ, Reuters ақпарат агенттігінің АҚШ-тың Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадтың Талибанмен  атысты тоқтату бітімін орнатып, шетелдік күштерді бір жарым жылдың ішінде Ауғанстаннан шығаруға келіскені туралы хабарын теріске шығарып, оны қоғамдық пікірді алдарқату деп атады.