ИИР Вице-президенті Дамаскке аттанды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i41062-ИИР_Вице_президенті_Дамаскке_аттанды
ИИР Вице-президенті жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Сирияның астанасы Дамаскке аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2019 19:08 Asia/Almaty
  • ИИР Вице-президенті Дамаскке аттанды

ИИР Вице-президенті жоғары деңгейлі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Сирияның астанасы Дамаскке аттанды.

ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири екі күндік сапарда Сирияның Президенті, Премьер-министрі және жауапты саяси тұлғаларымен кездесумен қатар, екі елдің жоғары комитетінің отырысына қатысады.

Жексенбі күні Иран-Сирия экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 14-ші отырысы Иранның Жол және қала құрылысы министрінің бастауымен жүзден астам іскер, экспорттаушы және жеке сектор белсенділерінің қатысуымен өз жұмысын бастады.

Иран-Сирия экономикалық ынтымақтастық комиссиясы 8 жылдық үзілістен кейін іске қайта кірісті.