Иран мен Сирия қысқа мерзімде құны үш млрд долларлық сауда айналымына ие болады
(last modified Tue, 29 Jan 2019 11:35:01 GMT )
Қаң 29, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Сирия қысқа мерзімде құны үш млрд долларлық сауда айналымына ие болады

Иранның Сауда, Өнеркәсіп, Кен және Ауылшаруашылығы Палатасының бастығы Ғоламхосейн Шафеи Иран мен Сирия арасындағы серіктестіктерді жаңғырту мүмкіндігі дайындалғанын, банктік, сақтандыру және тасымал салаларындағы мәселелерді шешкен соң екі елдің сауда айналымының бастапқы жылы үш млрд доллардан асатынын мәлімдеді.

Ғоламхосейн Шафеи Иран мен Сирияның бұрын азық-түлік экспорты мен орта және шағын компаниялардың серіктестігі салаларында ынтымақтастық жасағанын, қазіргі жағдайда да елдің экономика саласының белсенділері азық-түлік экспорты, Сирияның инфрақұрылымдарын қайта қалпына келтіру саласында, экспорт, құрылыс материалдарын өндіру бойынша қызмет көрсете алатынын мәлімдеді.

Иранның Сауда, Өнеркәсіп, Кен және Ауылшаруашылығы Палатасының бастығы Сириямен жасалған еркін сауда келісімі аясында тауардың 88 түрінен басқа да тауарларды осы елге экспорттауға болатынын айтып: «Бұрын Сириямен азық-түлік экспорты, орта және шағын компаниялардың серіктестіктері бойынша ынтымақтастық жасадық. Қазір де ынтымақтастықтарды жаңғырту үшін қолайлы уақыт" деді.  

 

 

 

Тегтер