Хасан Насролла: Иран Ислам революциясы бар күшімен үстемдікке қарсы тұрды
Ливан Хизболласының Бас хатшысы «"Үлкен шайтан» – АҚШ-тың дұшпандығына қарамастан Иран Ислам революциясы қырық жыл бойы табандылық танытып, аймақта үлкен жетістіктерге жетті",- деп қуаттады.
Al-Manar арнасының мәліметі бойынша, Сейед Хасан Насролла дүйсенбі күні сөйлеген сөзінде Иран Ислам революциясының аймақтағы жетістіктеріне тоқталып: "Имам Хомейни басқарған Ислам революциясы аймақ жағдайын өзгертіп, азаттық талап ететін қозғалыстардың оянуына себеп болды",- деді.
Сейед Хасан Насролла Иран Ислам революциясына қарсы АҚШ-тың қастықтарының, соның ішінде Ирактың Иранға қарсы соғысында Саддамға қолдау көрсетуінің сәтсіздікке ұшырағанын еске салып: "Халықтың діни жетекшісі мен исламдық жүйені қолдауы – өткен қырық жылдағы Иран халқы жеңістерінің сыры",- деді.